PhD бағдарламасы информатика және есептеу техникасы саласында терең iргелi және кәсiби даярлықты және бiлiмдi талап ететiн қызмет үшiн жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауға бағдарланған.
Бағдарламалар ақпаратты өңдеудiң және жинақтаудың жаңа неғұрлым тиiмдi әдiстерiн, деректердi интеллектуалдық өңдеудiң жаңа әдiстерi мен құралдарын, әртүрлi пәндiк салалардағы кәсiби қызметтi автоматтандыру үшiн және мәселелердiң әртүрлi жаңа класстарың шешу үшiн әртүрлi класстардың аспаптық және қолданбалы бағдарламалық жүйелерiн құруға бағдарланған.
«Информатика, есептеу техникасы және басқару» бағдарламасының мақсаты.
Докторанттарды іргелі, ғылыми және кәсіби даярлау. Философия докторы (PhD) дәрежесін Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебі бірінші кезекте пәндік саладағы құзыреттілікті және инженерлік проблемаларды өз бетінше зерттеу қабілетін тану белгісі ретінде береді, бұл осы саладағы білімге жаңа үлес қосуға алып келеді. Дәрежені алуға арналған жұмыс инженерлік зерттеулерден, осы зерттеулер негізінде диссертация дайындаудан және инженерлік, математикалық және аралас физика ғылымдарын тереңдетіп зерделеу бағдарламасынан тұрады.
ҚБТУ-да «Информатика, есептеу техникасы және басқару» бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес бар.
«Компьютерлік ғылым және жасанды интеллект» бағдарламасының мақсаты.
Ақпараттық жүйелер мен технологияларды, сондай-ақ ұйымдық және техникалық жүйелердегі деректерді талдау мен өңдеудің зияткерлік жүйелерін пайдалана отырып, статистикалық моделдеумен, жобалаумен, әзірлеумен және сүйемелдеумен байланысты күрделі міндеттерді тұжырымдауға және шешуге қабілетті информатика мен жасанды интеллекттің қазіргі заманғы жетістіктерін игерген ақпараттық технологиялар саласындағы зерттеушілерді даярлау.