Құрметті білім алушылар!
Мемлекеттік білім беру грантының бос орындарына конкурс жарияланады.
Ақылы негізде оқитын білім алушылар ҚБТУ белгіленген тәртіпке сәйкес, тиісті білім беру бағдарламалары тобы бойынша бос білім беру грантына ауысу құқығына ие.
Оқу барысында босап қалған мемлекеттік білім беру грантының орнына келесі санаттағы білім алушылар үміткер бола алады:- ақылы негізде оқитын білім алушылар;
- ҚБТУ ішкі гранты бойынша оқитындар;
- басқа жоғары оқу орындарының студенттері.
Конкурс аралық аттестаттау нәтижелері бойынша, оқу үлгерімінің орташа балы – Grade Point Average (бұдан әрі – GPA) негізінде, сертификат беру арқылы өткізіледі.
Бос білім беру грантына үміткерлер арасында GPA көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек «А», «А-» («өте жақсы») бағалары бар білім алушылар басымдыққа ие болады, содан кейін «А», «А-» мен «В+», «В», «В-», «С+» («жақсы») бағалары бар студенттер қарастырылады.
Жоғары білім алу барысында босап қалған білім беру гранттарын тағайындау жазғы және қысқы демалыс кезінде конкурс негізінде келесі тәртіпте жүргізіледі:
Ақылы негізде оқитын білім алушылар мемлекеттік білім беру грантына ауысу туралы өтініштерін
grantkbtu@kbtu.kz электронды поштасына 2025 жылдың 5 қаңтарына дейін, Астана уақыты бойынша сағат
23:59-ға дейін жолдайды.
Өтінішке қоса тапсырылады:- оқу кезеңіндегі ресми транскрипт (сканерленген нұсқа);
- жеке куәлік көшірмесі.